Алматыда 135 адамды кене шақты

18 Сәуір, 05:21 562

Олардың арасында 84 бала бар. Бұл жөнінде қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Қазір – кене көбейетін мезгіл. Зиянкес жәндік кене энцефалиті, баррелиоз сынды қауіпті инфекцияларды таратады. Дәрігерлік көмекке жүгінген барық тұрғынға иммуноглобулин екпесі салынды. Жыл басынан бері кенеден келетін  инфекциялық ауруларға шалдығу дерегі тіркелмеген.

Мамандар: «аталмыш жәндік шаққан жағдайда дереу қалалық травматологиялық пунктердің біріне  бару керек», – дейді.

Мамыр айында қаладағы барлық саябақта зиянкестерге қарсы санитарлық іс-шара өткізіледі.

Дезинфекция орталығында 2 бригада жасақталды. Қаладағы саябақтар мен жасыл желекті аймақтардың барлығында зиянкестерді улау жұмысы жүреді. Ол үшін заманауи термогенераторлар мен дәрі шашатын құралдар қолданылады, - дейді қалалық дезинфекция орталығы директорының орынбасары Айнұр Аққошқарова.

Перизат Саденова
Бөлісу: