Алматы облысында 527,3 млн теңгенің контрабандалық темекі өнімі тәркіленді

20 Шілде 2022, 09:31 1558

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті

Алматы облысының салық органы қызметкерлері құны 527,3 млн теңге болатын контрабандалық темекі өнімін анықтаған, деп хабарлайды El.kz

Баспасөз қызметінің мәлімттеріне қарағанда, Қаскелең қаласы, Алматы-Бішкек трассасының 29 шақырымында орналасқан «Кристалл» қонақ үй-тұрақ кешенінің аумағында 925 мың қорап заңсыз темекі (18,5 млн. темекі тарту бірлігі) өнімі анықталды.

Акциздік маркасы жоқ контрабандалық темекі өнімі тексеруге Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қатысты.

Тексеру нәтижесі бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша бұзушылық белгілерімен Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Төленбеген акциз шығын сомасы 227,6 млн. теңгені құрайды, темекінің жалпы құны 527,3 млн. теңгені құрады.

«Қылмыстық кодекстің 233-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекетке шығын келтірген акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыру жазасын қарастырады. Немесе бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынып не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін»,-делінген хабарламада.

Бөлісу: