Елорда және Алматы қаласы өмір сүру бойынша әлемдегі ең қымбат қалалар қатарына енді. Рейтинг 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жасалды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Numbeo веб-сайты әлемдегі ең ірі қалаларда өмір сүру құны туралы ақпарат ұсынды. Рейтингке 510 қала кірді.
Өмір сүру құнының индексін есептеу үшін сарапшылар Нью-Йорктің негізгі көрсеткішін пайдаланған.
Өмір сүру құнының индексі бойынша Алматы 466-орында, ал Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы 475-орында тұр.
Тізімде бірінші болып Бермуд-Гамильтонның әкімшілік орталығы орналасқан.
Айта кетейік, өмір сүру құны бойынша үздік 10 қалаға Швейцария мен АҚШ қалалары кіріп отыр.
Атап айқтанда, Базель (Швейцария), Цюрих (Швейцария); Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ, Гавайи штаты), Санта-Барбара (АҚШ, Калифорния штаты) және Нью-Йорк қаласы (АҚШ).
Рейтинг жасау үшін зерттеушілер тұрғын үйді жалға алу мен тұру, тамақ, сонымен қатар қала мейрамханаларындағы бағаларды зерттеді.