Алматы халықаралық әуежайы авиациялық жанар-жағармай тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды El.kz.
– Жергілікті және импорттық жанар-жағармай тапшылығына, сондай-ақ уақытында жеткізу мәселесіне байланысты жолаушылар мен коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонып қалатын рейстерге жанармай құюды тоқтатты,– деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы халықаралық әуежайы былтыр да үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату жөнінде шешім қабылдаған еді.