Алматы жастары зейнеткер қарттарға қамқорлық танытты

20 Сәуір, 13:45 710

Алматыда белсенділер ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жастар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Jas niet» акциясын өткізді. Акция барысында 20-ға жуық ерікті 2 күнде 16 үйді тазалауға және көркейтуге қол ұшын созып, аға буынның алғысына бөленді.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Жақыныңа жәрдем бер» акциясын өткізу туралы бастама жарияланды.

Бұл бастама ҰОС ардагерлері, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын жеке тұрғын үйдің қоршауы мен үй маңындағы аумақтың эстетикалық күтімін жақсартуға бағытталған.

Бұл учаскелерде қоршауды, қақпаны сырлау, іргелес аумақты қоқыстан тазарту және т.б.с.с. жұмыстар жүргізу қажет.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: