«Алматы жастары»: Мыңнан астам адамның өтінімі қабылданды

11 Қыркүйек, 14:54 535

Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды аяқтады. 29 шілдеден 7 тамызға дейін 7072 өтінім берілді, бұл жастардың бастамаға деген үлкен қызығушылығын көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 несие беру жоспарланған. 7072 өтінімнің 1924-і мақұлданды. Көбі білім беру (2434) және денсаулық сақтау (1662) салаларына келіп түсті.

1200 өтінім беруші «Отбасы банк» АҚ-нан төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама алады, содан кейін 45 күн ішінде тұрғын үйді таңдай алады. 724 адам резервтік тізімде болады, ал 5148 адам түрлі себеппен, соның ішінде бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуге байланысты құжаты қайтарылды.

Құжаттың қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т.б.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: