Алматы әкімдігі 2025 жылғы 14-26 наурыз аралығында 35 жасқа дейінгі қала жастары үшін «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиелерін алу бойынша өтінішті қабылдау басталғанын хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:
- Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
- Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары.
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:
«Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының (2019-2024 жж.) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.
Толық ақпарат www.almaty-zhastary2025.kz сайтында қолжетімді.