Атап айтқанда, IPhone 14 және Iphone 13, Mackbook пен AirPods-тың 70 данасы белгілі болды. Заңсыз өтпек болған өнімдерді кедендік бақылау қызметіндегілер анықтады. Бұл тауарлардың бір данасының бағасы нарықта 450 мың теңге тұрады.
"Тауарлар уақытша ұстау қоймасына қойылды. Экономикалық тергеу департаменті ҚК-тің 234 бабына сәйкес іс жүргізіп жатыр", — деп мәлімдеді мемлекеттік кіріс департаментіндегілер.