Алматы тұрғыны туыстарының үйінде есірткі дайындаған

29 Қаңтар, 14:26 836

Алматылық азамат туыстарының үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

26 жастағы ер адам өзім тұрамын деген желеумен ағасының үйін жалға алып, синтетикалық затты шығаратын есірткі зертханасын ұйымдастырған.

Патрульдік полиция экипажы есірткі сатушыны анықтады және ұстады. 26 жастағы Д.есімді азамат есірткі бетбелгісін қою кезінде тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Жедел тергеу тобының тінтуі кезінде оның сөмкесінен салмағы 1,5 келіге жуық мефедрон есірткісі табылды. Күдікті есірткіні зертханада өзі дайындайтынын мойындады. Д.есімді азаматтың бетбелгілерді де өзі қоятындығы белгілі болды. Күдіктіге осы жұмысы үшін «жұмыс беруші» жомарт сыйақы уәде етті. Криптовалютамен төлеген. Дәл осы зертханада шыны колбалар, магниттік араластырғыштар, электронды таразылар, полиэтилен канистрлер, шыны және пластмасса табақтар, кептіргіштер, құрғақ ұнтақтар және басқа да жабдықтар табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 келіден асады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: