Алматы тұрғыны кәсіпкерден 390 мың доллар пара талап еткен

1 Тамыз 2023, 10:33 940

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерді пара беруге итермелеген Алматы қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, ол өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы жалған ақпарат берген. Күдікті өзінің делдалдық қызметтерін ұсынып, мәселені шешу үшін 390 мың АҚШ долларын талап еткен.

Оқи отырыңыз:

Кәсіпкер бұл жайт туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлап, күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды. Оның үйінен тағы қомақты қаржы табылған.

Аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ доллары табылды. Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сот күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын тағайындады, - делінген мәліметте.

Тергеу жалғасуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: