Алматы тұрғыны Денис Теннің ескерткішіне аты-жөнін ойып жазған

23 Қараша 2023, 10:30 2572

Алматыда спорт шебері Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, - делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам, психоневрологиялық есепте тұрады.

Айта кетейік, осыдан 5 жыл бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан болатын. Тірі болғанда 13 маусым күні 30 жасқа толар еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: