Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы күдікті тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті сейфті үйдің терезесінен ұрлап әкеткен. Ұрлық кезінде үй иелері болмаған. Олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен.
Жеке кәсіпкер үйінде сақтаған сейф ішінде 250 мың АҚШ доллары болған.
Күдікті ұсталып, тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Ол ақшаны көңнің арасына жасырған.