Алматы тауларында төрт күн бұрын жоғалып кеткен ресейлік туристің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды.
Оқи отырыңыз:
Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.
Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталуда, - делінген мәліметте.
Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристі құтқарады. Жыл басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.