Алматы тауларында шыңды бағындырмақ болған жасөспірімдер құтқарылды

30 Маусым, 23:07 591

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

ТЖМ мәліметінше, құтқару операциясы Күмбел шыңында жүргізілген.

13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер ешқандай дайындықсыз шыңды бағындырмақ болған. Олар өз бетінше қайтып келе алмай, көмекке РЖҚЖ құтқарушылар жасағы жіберілді, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: