Алматы тауларында өрттің алдын алуға дрондар қолданылады

17 Шілде 2023, 16:00 822

Алматының таулы-орманды жерлерінде өрттің алдын алу мақсатында көпфункционалды дрондар іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, дронға қосылған тепловизор от жағу орындары мен қауіпсіздік талаптарын бұзғандарды жедел анықтауға көмектеседі. Осыдан соң оларға дереу мобильді топтар жіберіледі.

Дрон таулы жерлерде демалушылар жаппай жиналған кезде іске қосылады.

Оқи отырыңыз:

Айту керек, Ұлттық парктің орманды алқабы өзіндік ландшафтымен және жету қиын таулы аймақпен ерекшеленеді, сол себепті мұнда тек авиацияның күшімен ғана өртті сөндіруге болады.

«Ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының максималды жылдамдығы сағатына 81 шақырымға жетеді, онда бірнеше жұмыс режимі бар. Ол көлденең 8 шақырым қашықтыққа ұшып, теңіз деңгейінен 6000 метр биіктікке көтеріле алады. Ауа райының әртүрлі жағдайы мен тәуліктің кез-келген уақытында тепловизорлық камерасы бар дрондармен тауда адасып кеткен адамдарды тез табуға болады. Сондай-ақ, зардап шеккендерге дәрі-дәрмектерді жеткізу мен құтқару тобын оқиға орнына қауіпсіз алып баруға болады. Алматы қаласының ТЖД-да сондай тапсырмаларды орындауға арналған 3 дрон бар», - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінгі күнге Алматы тауларында 160 от жағу әрекетінің алды алынды, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарны бұзғаны үшін 92 жеке тұлға 5 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапқа тартылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: