Алматы тауларында жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақсат - көшкіннің алдын алу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұл іс-шаралар тауларда көшкін қаупін азайту үшін бақыланатын жарылыс жұмыстары екенін атап өтті. Төтеншеліктер қар көшкінінің алдын алу және адамдарды қорғау үшін қарды жоспарлы түрде түсіреді.
Еске салсақ, бұған дейін Шымбұлақта туристер кесірінен қар көшкіні жүрген болатын. Кейінірек Шымбұлақтағы қар көшкініне себепші болған шаңғышылар анықталды.