Алматы сотында әуежайды басып алды деген күдікке ілінгендер ісі қаралуда

19 Қыркүйек 2023, 14:56 785

Алматы қалалық сотында құаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алуға қатысты қылмыстық іс қаралуда,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы іс аясында бес адам күдікке ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар әуежайды басып алды деген айып тағылады.

Оқи отырыңыз:

Айыптау актілеріне сәйкес Тілеужан мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінді, ал Далибаев, Шилибаев және Кармен әуежайдың стратегиялық объектілеріне шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, қиратумен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүретін жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: