Алматы сейсмикалық жағдайдан кейін жедел желіге қоңырау шалған тұрғындар қатары артты

5 Наурыз, 01:28 936

Алматы жер сілкінісі байқалғаннан кейін жедел желі телефонына ақпараттық сипатта 239 қоңырау түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлердегі бүлінулер туралы 156 өтініш түскен. Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43 бала бар.

Тыныс -тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс жасауда.

Алматыдағы барлық ағымдағы халықты қабылдау пункттерін Яндекс карталарында сілтеме бойынша немесе іздеу жолағына «Алматыда халықты қабылдау пункттері» деп теру арқылы табуға болады.

Зарина Арман
Бөлісу: