Алматы қуыршақ театры Канадада өткен халықаралық театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы театр директоры Алмат Амангелді мәлімдеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жыл Мемлекеттік қуыршақ театры үшін тарихи жыл болды. Канадада Гран-при жеңіп алған театр қазақстандық қуыршақ өнерінің әлемдік мойындауға лайық екенін дәлелдеді. Бұл жеңіс – театр ұжымының орасан зор еңбегінің нәтижесі. Біз өнеріміздің әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақстандық көрермендердің ғана емес, шетел азаматтарының да таңданысын тудыратынына қуаныштымыз, – деп атап өтті Алмат Амангелді.
Айтуынша, бұдан бөлек театр Грузиядағы халықаралық фестивальде «Үздік режиссер» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, Беларусьте өткен «Ляльки над Неманом» фестивалінде қазақстандық қойылым арнайы дипломға ие болды.