Алматы қаласының таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар

7 Қаңтар 2023, 20:10 1779

Алматы қаласының ТЖД қарлы тау беткейлерге шығудан бас тартуды сұрайды

 Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының ТЖ департаменті «Қазгидромет» мекемесінің дауылды ескертуінің негізінде таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай ақ 7-8 қаңтарда аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінің түсуі қауіпі бар екенін хабарлайды, осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды. 

• Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

• Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.

• Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын , қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.

• Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

• Рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

EL.KZ
Бөлісу: