Алматы қаласында тұрғындарға ескерту жарияланды

12 Қаңтар 2023, 10:25 1283

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарына ескерту жасады

25 градусқа дейін жеткен қатты аязға байланысты ТЖД мамандары Алматы тұрғындарын қала сыртына шықпауға және жылы киінуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 12-16 қаңтар аралығында мегаполисте ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл Алматы қаласы үшін қауіпті метеорологиялық құбылысты білдіреді.

«Осыған байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан қысқы кезеңде сақтық шараларын ұстануды сұрайды. Көшеге ұзақ серуендемеңіз, қажетсіз қаладан тыс жерлерге бармаңыз, көшеге шыққанда жылы киініңіз»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдау туралы ақпараттық хабарламалар жіберді.

EL.KZ
Бөлісу: