Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы сотталды

12 Желтоқсан 2023, 12:40 1829

Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.
 
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.

Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: