Тексеру нәтижелері бойынша «APL Construction» ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану әрекеті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% - ға), 184 млн. теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды және 78 млн. теңге айыппұл өндірілді.
«Қабылданған шаралардың арқасында Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушысының құқығы қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер»,- делінген хабарламада.