Алматы прокуратурасы 754 млн теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады

10 Маусым, 23:08 477

Алматы қаласының прокуратурасы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру шараларын ведомство өкілдері Бас прокуратурамен бірлесіп, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау жұмыстары бойынша жүргізген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталған.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында қадағалау актісі енгізілді. Оны орындау үшін басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз етті. Жоғарғы Сот қаулысымен жеткізушілерден 754 млн теңге өндірілді,-делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Зарина Арман
Бөлісу: