Алматы полициясы меценатқа іздеу жариялады

2 Наурыз, 12:51 1609

Құқық қорғау органдары меценат және A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабалады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Азамат Доланбаев А class Medical компаниясының директоры және меценат ретінде көрсетілген. 2020 жылы ол Талғар аудандық орталық ауруханасын 15 жылға сенімгерлік басқаруға алғанын айта кету керек.

Перизат Саденова
Бөлісу: