Абай облысында жүк көлігі аударылып, екі адам зардап шекті. Оқиға 5 наурызға қараған түні Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тас жолының 888-ші шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты болған орынға «Жарма» трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жеткен.
Облыстық ТЖД мәліметінше, дәрігерлер 1989 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, орталық аудандық ауруханаға жеткізген. Ал екінші адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Оқи отырыңыз: