Алматы-Өскемен тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

22 Қараша 2022, 21:14 1606

Синоптиктер 23 қарашада Қазақстанда қар жауып, боран борап, көктайғақ болатынын болжап, ескерту жасаған

Абай облысында 22 қарашада сағат 18:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, шектеу тас жолдың 615-967 шақырымы аралығында енгізілді. Бұл Алматы облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске.

"Жолдың бұл учаскесі "СинеМидасСтрой" БК " ЖШС-нің қайта жаңғыртуына жататынын айта кеткеніміз жөн. Қар құрсауын болдырмау үшін тас жолдың осы учаскесінде 20 арнайы техника мен 32 адам жұмыы істеп жатыр"."ҚазАвтоЖол"

Бұған дейін синоптиктер 23 қарашада Қазақстанда қар жауып, боран борап, көктайғақ болатынын болжап, ескерту жасаған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: