Алматы өңірінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген ескерткіштерді елге таныту жайы талқыланды

29 Мамыр, 00:28 524

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгеніне жиырма жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған мерейтойға орай музей халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен жартас өнері бойынша жетекші мамандар, археологтар мен консерваторлар қатысты. Сарапшылар тәжірибе алмасып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Орта Азияның жартас өнері ескерткіштерін номинациялаудағы жетістіктер мен жаңа перспективаларына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Айта кетсек, «Танбалы» петроглифтерін 1957 жылы А.Г. Максимова басшылық еткен археологиялық жасақ ашқан.

Музей-қорық 2004 жылы ЮНЕСКО тізіміне енді. Орта Азияның жартас өнерін әлемдік құндылық ретінде белгілеу және аймақтағы басқа да тарихи ескерткіштерді бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу жолындағы алғашқы қадам болды.

Зарина Арман
Бөлісу: