Алматы облысының тұрғынынан 5 тонна есірткі өнімі тәркіленді

26 Тамыз 2023, 12:26 1073
25 тамыз "Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы Балқаш ауданы, Ақбайлау ауылының аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған оқиғаға қатысты дерек қылмыстық кодекстің300-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелген. Соның нәтижесінде 1951 жылғы Д. есімді жоғарыда аталған аумақтың иесі ұсталды.

Күдіктінің ауданы 1 гектар жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталып отыр. Тәлкіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 тоннаны құрады.
Сондай-ақ тінту барысында екі иір ойықты мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, 5, 56 мм оқтармен жарақталған оқсауыт, тепловизор, лазерлік көздеу және басқа да қару-жарақтың керек-жарақтары анықталып, тәркіленді. Дерек негізінде ҚР ҚК 287-бабы бойынша жеке қылмыстық іс жүргізу басталды, - деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте. 
Осыған қатысты барлық деректер бойынша тиісті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: