Алматы облысының тұрғыны есірткі саудалағаны анықталды

14 Қаңтар 2023, 15:30 1184

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Көлік полицейлері Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында қызметтік-іздестіру ит Шу станциясының темір жол вокзалының перронында Алматы облысының тұрғынын есірткі зат тапты. Оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 - бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деді Малыбаев.

Күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматы қаласына темір жол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.

«Қазіргі уақытта ұсталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде», - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі. 

EL.KZ
Бөлісу: