Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті жойды

6 Шілде, 11:46 646

Алматыда Бостандық ауданынындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, дер кезінде сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілсіз жау шарпыған аумақ 150 шаршы метр алаңға жайылып, тұрғын үй от құшағында қалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытат өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 
 
Төтенше жағдайлар министрлігі оқыс жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмеріне хабарласуды қаперге салады. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: