Алматы облысының Ават ауылында су басу қаупі жоқ

21 Маусым, 23:13 578

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылының саяжай қоғамында бетонды колхозаралық суару каналының түйіскен жерінде жарықтар салдарынан тіректің топырағы шайылып, бір секция жойылды. Соның салдарынан 4 аула аумағын су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шлюзді жауып, суды басқа арнаға бағыттау арқылы су беру тоқтатылды. Су басу қаупі жойылды. 
Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД күштерімен аула аумақтарынан су айдау жұмыстары жүргізілуде. Ықтимал залалды нақтылауға жергілікті атқарушы органда комиссия құрылды.

Төтеншеліктердің мәліметінше, жөндеу және қалпына келтіру мен аула аумақтарында су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: