Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жедел штаб отырысын өткізіп, шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады, - деді Марат Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ, облыс басшысы өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.
Сонымен қатар, отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі, - деп атап өтті әкім.
Айта кетейік, зардап шегушілердің ата-аналарының баспанасы болғандықтан, ұсынылған көмектен бас тартты.