Алматы облысындағы 62 елді мекенде электр жүйесі қалпына келтірілді

15 Наурыз, 07:33 575

Алматы облысының әкімдігі облыстағы 62 елді мекенінде электр жарығы қалпына келтірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыстар жалғасуда. Жаңа ақпаратпен қосымша бөлісіп отырамыз. Біз жедел-қалпына келтіру жұмыстары мен диспетчерлерді тамаша үйлестірген жұмысы үшін аудандық электр желілерін және «Алатау жарық» компаниясының жедел-көшпелі бригадаларының барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз, - делінген ақпаратта.

Төмендегі елді мекендерде электр желісіндегі ақау түзелген:

Талғар ауданы: Талғар қаласы, Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік, Тұздыбастау, Гүлдала, Бесағаш, Панфилова, Рысқұлов ауылдары.

Іле ауданы: Жаңадәуір, Қоянқұс, Жаңалық, Байсерке, Ардагер, Жомарт ауылдары мен Ардагер, Ветеран саяжайлары.

Жамбыл ауданы: Қарғалы, Қарасу, Мыңбай, Самсы, Балғабек-Қыдырбекұлы, Үмбеталы ауылдары.

Қарасай ауданы: Әйтей, Іргелі, Жандосов, Шамалған, Елтай, Береке, Қошмамбет, Жамбыл, Шалқар, Шөтерек, Кемертоған, Көктоған, Тұрар, Жалпақсай ауылы, Құлашы, Батан, Ұлан ауылдары және Рахат саяжайы, Қаскелең қаласы,.

Ұйғыр ауданы: Сүмбе, Ташқарасу, Арасан ауылдары.

Еңбекшіқазақ ауданы: Тескенсу, Ащысай, Қаратұрық, Лавар, Май, Байсейіт, Массақ, Нұрлы, Малыбай, Қайрат, Жаңа шаруа, Дихан, Ақтоған, Асы-Саға, Қаражота, Көкпек, Бабатаған, Бәйтерек, Азат, Бөлек, Таутүрген, Түрген, Көктөбе ауылдары.

Зарина Арман
Бөлісу: