Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы 12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында болған.
Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.