Алматы облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

11 Қараша, 14:20 341
Алматы облысында 2 қарашада хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 51 жастағы ер адамның мәйіті бір аптадан кейін Алмалыбақ ауылының шетінен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.Жедел іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: