Алматы облысында жоғалған 3 жасар қызды өлтірген болуы мүмкін

25 Сәуір, 10:03 1657

Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытқа күдіктілер ұсталған. Алматы облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Күш ауылында үш жасар Айя София 17 наурызда үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: