Алматы облысында жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам ауруханаға түсті

22 Ақпан, 20:17 752

Талғар ауданы Гүлдала ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті. Оқиға 22 ақпан күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

101 пультіне 138 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үйдің шатыры және бір бөлмесі жанып, кейін 30 шаршы метрді алып жатқан төбе жабынының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын сағат 16:13-те оқшауланып, 17:25-те сөндірілді. Оны сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жолданған. 

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: