Алматы облысында жасөспірім су қоймасындағы құбырға батып кетті

30 Шілде, 10:33 412

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылында бір топ жасөспірім су қоймасының ашық шлюзының маңайында шомылып жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үйге қайтар уақытта олар бір баланың жоқ екенін байқаған.

Өз бетінше іздеп таппаған соң шлюзды жауып құтқарушыларды шақырған.

РЖҚЖ сүңгуір-құтқарушыларының жедел тобы оқиға орнына шығып іздеуді бастады.

Құтқарушылар шамамен батқан орнын анықтап тексергеннен кейін шлюзды ашу жөнінде шешім қабылдады.

Су жіберілгеннен кейін арнадан 2008 жылы туған баланың денесі табылды.

Шамамен шомылып жүрген кезінде бала суға батып, кейіннен денесін құбырға тартып әкеткен.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: