Алматы облысында жасөспірім қыздар қатарласынан ақша бопсалаған

27 Қыркүйек, 09:10 626

Алматы облысында 15 жасар оқушылар қатарласынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарасай аудандық полиция қызметкерлері 15 жасар қыздан ақша бопсалаған жасөспірімдердің жеке басын анықтап, олардың ата-аналарын жауапқа тартты. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді.

Тергеу аясында кәмелетке толмаған қыздар өздерінің қатарласына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткен, - деді ПД басшысы.

Құқық бұзушылардың жас ерекшелігін ескере отырып полиция олардың ата-аналарын жауапқа тарту туралы шешім қабылдаған. Ал іс аудандық полиция басқармасында тіркеліп, әрі қарай сотқа берілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: