Алматы облысында жас қызды танысы зорлап, ұрып-соғып, үйінің алдына тастап кеткен

Кеше, 15:11 567

Алматы облысында 18 жастағы қызды танысы зорлап, ұрып-соғып, үйінің алдына әкеп тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

16 желтоқсан күні танысынан зәбір көрген 18 жастағы қыздың жақындары Дина Таңсәріденкөмек сұрап жазған. Жәбірленуші жұмыстан келетін уақыттан кешіккенде жақындары іздеу салып, дабыл қаққан. Қыздың жақындары іздеу салып, полицияға жүгінген.Түнгі 2-лер шамасында қызды үйдің алдынан тапқан.

Қыздың үсті-басы кір, шашының бәрі нәжіс, сабап тастаған. Сіңлісі оны суға шомылдырған. Қыз сол кезде мең-зең күйде еді. Жәбірленушіні зорлаған танысы оған кола ұсынған. Ол бірнеше жұтым ішкен соң есінен танып қалған. Арақтың иісі болмаған, өйткені ол сау еді. Бірақ мең-зең, шок күйде болған. Полициядағылар қызға “Оның көлігіне өзің отырдың емес пе?!” деген екен. Зорлаған адам жалғыз болмады деген болжам бар, – делінген жазбада.

Таісәрінің айтуынша, жәбірленушінің жақындары әлі сараптама жасалмағанын айтып дабыл қағып отыр. Киімдерден биоматериалдар алынбаған, тергеу жұмыстары да тоқтап тұр.

Күдіктіні ұстаған жоқ. Қайтадан, барлығының назары зәбір көрген жәбірленушіде. Сондай-ақ Думан деген тергеуші қызды көзбе-көз беттестіруге шақыртқан, болмаса қызды әкелу үшін күзетші жіберетінін айтқан. Ол қызды бөлімшеде ұстаған. Кешкі сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін 18 жастағы қызды ұрып-соғып, зорлап, үйдің алдына тастап кеткен. "НеМолчи.kz" қоры ішкі істер министрлігі мен прокуратурадан істі бақылауға алуын және Думан деген тергеушіні тексеруді талап етеді, – деп жазды Динара Смайылова.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: