Алматы облысында жарылыс болып, бір адам көз жұмды

19 Қыркүйек, 09:23 539

Алматы облысы Жалпақсай ауылында газ жарылуы салдарынан бір үй толығымен қирап, тағы төрт үй зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 қыркүйек 17:00 шамасында болған. Үйге газ пеші былтыр жаңадан қойылған, еш ақауы болмаған. Газ мамандары келіп тексеріп те кеткен. Газдың неден жарылғаны әзірше белгісіз. Үйде алпыстан асқан ерлі-зайыпты тұрған, ал бала-шағасы демалыс күндері келіп тұрған.

Оқиға салдарынан үй иесі қаза болды. Марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайы анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.

Жергілікті ақпарат құралдары мәліметінше, жарылыс кезінде үйде жұмысшылар болған, олар тоңазытқыш алып келген. Ер адамдар бірнеше метр жерге ұшып кеткен, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: