Алматы облысында заңсыз балық аулап келген браконьерлер тобы ұсталды

19 Ақпан, 23:52 787

Алматы облысында браконьер тобы құрықталып, олардың өндірістік көлемде заңсыз балық аулаумен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған топ Іле өңіріндегі Сорбұлақ көлінде балық аулаған, олардың қатарында 21-45 аралығындағы он бір адам бары белгілі болды.

Олардың Қытай өндірісінің тыйым салынған торларын қолдана отырып, балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқаны белгілі болды. Браконьерлерден үш тоннаға жуық сазан балығы, жүзу құралдары мен браконьерлік аулаудың әртүрлі құралдары, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері тәркіленді. Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіру, атыс қаруын заңсыз сақтау түріндегі қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Істің негізгі фигуранттары УҰИ-ға қамаққа алынды, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Жоғарыда аталған көлде балық ресурстарын өндіру ұйымдасқан сипатқа ие болғанын және елдің әртүрлі аймақтарына тұрақты негізде тарату жүзеге асырылғанын атап өтеміз. Тек тәркіленген балық бойынша ғана мемлекетке 17 млн. теңгеден астам соммаға материалдық залал келтірілгені анықталды.

Қазіргі уақытта істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - деп Бауыржан Әленов өз сөзін түйіндеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: