Алматы облысында туристер мінген автобус УАЗ автокөлігімен соқтығысқан

7 Қазан 2023, 01:27 934

5 қазанда сағат 14.26-да Алматы облысындағы таулы автожолда жолаушылары бар автобус пен УАЗ автокөлігі соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жол көлік оқиғасы салдарынан 1 адам қаза тауып, 33 адам зардап шекті.

Жол көлік оқиғасы орнына Алматы қаласы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының «Шелек» ТМҚП шұғыл ден қою бригадасы жіберілді.

«Шелек» ТМҚП бригадасы зардап шеккен 12 адамға медициналық көмек көрсетіп, кейіннен Шелек ауылының ауруханасына жеткізді.

Берік Арманов
Бөлісу: