Алматы облысында төрт өрт сөндіру бекеті құрылды

30 Маусым 2023, 18:32 1058

Алматы облысы ТЖД нұсқауы бойынша Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 4 өрт сөндіру бекеті құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бекеттер орман алқаптарында өрт пайда болған жағдайда жедел ден қоюға және оларды бастапқы кезеңде жоюға арналған. Өрт қауіпті кезеңде жану қаупі бар орман аймағының белгілі бір учаскелерін визуалды бақылау үшін тәулік бойы күзету қажет. Олардың екеуіне Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, қалғандарына №28237 әскери бөлімнің қызметкерлері кезекшілік етеді.

Бұған дейін Алматы облысында қамыс өртеніп жатқанын жазғанбыз

Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарындағы бекеттерде Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы кезекшілікте болады.

Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында Қарасай ауданының Известковое шатқалында 30 адам және 8 бірлік техникадан тұратын №28237 ӘБ 30 әскери қызметшісі кезекшілік етеді.

Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында Талғар ауданы Маралсай шатқалында, БӨП-не дейін 2 километр қашықтықта 2 қызметкер және Талғар қ. МӨС-2 техникасының 1 бірлігі, Маралсай БӨП-тен 1 километр қашықтықта 28 әскери қызметші және №28237 ӘБ техникасының 6 бірлігі кезекшілік етеді.

Әскери қызметшілер ықтимал өртті сөндіру үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Іле-Алатау саябағының Известковое шатқалы мен Маралсай шатқалына баратын демалушы азаматтарға тарату үшін қажетті жадынамалармен қамтамасыз етілді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс күн сайын бүкіл облыс бойынша жүргізіледі.

Бекеттер өрт қауіпті кезең аяқталғанға дейін тәулік бойы жұмыс істейтін болады. 

EL.KZ
Бөлісу: