Алматы облысында тауда адасқан әйел құтқарылды

12 Қыркүйек, 07:34 823

11 қыркүйекте 1973 жылы туған әйел Талғар ауданындағы Рахат тауына көтерілді. Бірақ биіктікте болған кезде сол жер қалың тұманмен жабылып, ол кәсіби жолнұсқаушы болғанына қарамастан адасып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышқа орай турист ұялы байланыс ұстап тұрған жерді тауып, 112 нөміріне қоңырау шалған.
 
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жоғалған әйелді тауып, қалаға аман-есен жеткізді.

ТЖМ тауға жалғыз баруға кеңес бермейді.
Перизат Саденова
Бөлісу: