12 шілдеде әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде жол таңбалау ережелерін сақтамағаны үшін жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mercedes-Benz көлігі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында 20 жастағы жолаушы полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірді.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Билік өкіліне күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды Болған оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.