Алматы облысында сібір жарасын жұқтырғандар көбейген

10 Қыркүйек, 06:29 467
Алматы облысының Ұйғыр ауданында сібір жарасын жұқтырған адамдар саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 қыркүйекте 16 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 11-інде "сібір жарасы" диагнозы расталды, төртеуінің нәтижесі теріс шықты, тағы бір науқастан алынған сынама нақтылануда. Барлық науқас қажетті ем-дом шараларын қабылдап жатыр, олардың жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда. Біз өңір тұрғындарын қырағы болуға, ет пен ет өнімдерін тек тексерілген жерлерден сатып алуға, малға күтім жасау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтынын есте ұстаған жөн, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Алмат Тұрысбекұлы.
Перизат Саденова
Бөлісу: