Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Алматы облысының бірнеше ауылында сел жүрді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сел Алматы облысының Жамбыл ауданы Қараарша және Бесмойнақ ауылдарында болған. Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, ауылдарын су шайып кеткен.
Оқиға орнынан видео 21 шілде күні кешке тарап жатыр. Жергілікті тұрғындар көрші елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтуда.