Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шыққан отбасы жоғалып кетті

Кеше, 10:03 593

ТЖМ қызметкерлері 6 адамнан тұратын отбасын құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Балқаш ауданы Миялы ауылынан 20 шақырым жерде 6 адамнан тұратын отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ жинауға шығып, қайтып оралмады, жоғалғандардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ іздестіру тобы жоғалған отбасын тапты, белгілі болғандай, отбасы асуда батпаққа батып қалып, қозғалын жалғастыра алмады.

Әрдайым өз жоспарларыңыз туралы жақындарыңызға хабарлаңыз және табиғатта абайлаңыз, - деп еске салады ТЖМ. 

Перизат Саденова
Бөлісу: